Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мас күйінде үш адамды қағып өлтірген арыстық мұғалімге қатысты ел күтпеген дерек шықты

11:03, 07 қыркүйек 2026

Бүгін Түркістан облысының Арыс қаласында мас күйінде үш адамды қағып өтірген мұғалім Бибінұр Қасымоваға қатысты түпкілікті үкім шығады, деп хабарлайды Alash.kz.

Өткен аптада өткен сот жарыссөзінде прокурор айыпталушыны 10 жылға соттауды және өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыруды сұраған болатын. Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы оның кәмелетке толмаған қызы бар екенін алға тартып, жазаны уақытша кейінге қалдыруды ұсынды.

«Асырауында 14 жасқа толмаған қызының бар болуына байланысты тағайындалған жазаның орындалуын 1 жылға кейінге қалдыруды сұраймын», – деді прокурор Ақжарқын Оразбай.

Алайда мұндай жеңілдікке марқұмдардың туыстары түбегейлі қарсы шығып, кінәліні ең қатаң жазаға тартуды талап етті. Сотталушы, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бибінұр Қасымова болған жағдайға өкініш білдіріп, мүмкіндігі шектеулі қызы бар екенін айтып, кешірім сұрады.

Ауыр қайғыдан кейін мүгедек болып қалған жәбірленуші Дана Үсімбек сотта көз жасына ерік берді.

«Өсіріп, бағып отырған перзентімізден айырылып отырмыз, өзім мүгедек болдым. Менің және баламның денсаулығы қайтадан орнына келмейді. Марқұм қызымды мектепке жетектеп апаратын шағында басына құран бағыштауға барып жүрмін», – деді жәбірленуші Дана Үсімбек.

Еске салсақ, сұмдық апат биыл 6 маусымда болған. Мас жүргізуші аулада отырған екі отбасын қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Салдарынан 29 жастағы жүкті балабақша тәрбиешісі Айшолпан Шәріпбек, оның 2 жасар ұлы және көршінің 5 жасар қызы қаза тапты. Тағы үш адам, оның ішінде 1,5 жасар сәби ауыр жарақат алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар