Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазба жариялап, жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Асхат Аймағамбетов Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды.
Депутат комитеттің жұмысы ауқымды әрі жауапкершілігі жоғары екенін жеткізді.
Оның айтуынша, Құрылтайдағы 8 тұрақты комитеттің әрқайсысына депутаттар бөлініп, олар тиісті саладағы заң жобалары мен өзекті мәселелерді қарастырады.
"Құрылтайдағы 8 Тұрақты комитеттің құрамы осындай. Әр депутат бір комитеттің құрамында болып, сол саладағы заң жобалары мен негізгі мәселелер бойынша жұмыс істейді.
Сонымен бірге депутат тек өз комитетімен шектелмейді: басқа комитеттердің отырыстарына қатысып, кез келген заң жобасына түзету ұсынып, сұрақтар мен ұсыныстарын жолдай алады.
Мен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамындамын. Жұмыс ауқымы кең, жауапкершілігі де үлкен", - деп жазды Асхат Аймағамбетов.