Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ерлан Қарин: Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары қызу жүріп жатыр

10:19, 07 қыркүйек 2026

Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп жазады Alash.kz.

Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қарин желідегі парақшасында мәлімдеді.

— Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазір академиялық еңбектегі терминологияны біріздендіру, тарихи материалдар мен иллюстрацияларды жүйелеу, мәтіндерді редакциялау, беттеу және басқа да баспа алдындағы жұмыстар атқарылуда, – деді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, көптомдықты әзірлеуге жауапты редакторлармен өткен кездесуде еңбекті баспа талаптарына сай дайындау мәселелері қаралған.

– Осы іске жауапты редакторлар ұжымымен бірге күн тәртібіндегі мәселелерді талқыладық. Академиялық басылымның баспаға сапалы әрі талапқа сай дайындалуына қатысты атқарылып жатқан шаруалардың барысын сараладық. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады, — деп жазды Ерлан Тынымбайұлы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар