Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белгілі журналист Қанат Әуесбай лауазымды қызметке тағайындалды

14:10, 07 қыркүйек 2026

Белгілі журналист Қанат Әуесбай жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

«М.Өтемісов ат. БҚУ Басқарма мүшесі–тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор қызметіне Қанат Әуесбай тағайындалды», – делінген университет хабарламасында.

Қанат Әуесбай – филология ғылымдарының кандидаты, педагог. Жоғары білім, ғылым, медиа және қоғамдық коммуникациялар саласында мол тәжірибесі бар маман.

Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританиядағы University of East Anglia университетінде ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өткен. Сонымен қатар экономика және бизнес саласында білімі, құқық магистрі дәрежесі бар.

Кәсіби жолы әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, Х. Досмұхамедов ат. Атырау университетімен, сондай-ақ республикалық телеарналарымен байланысты. РТРК «Қазақстанда» тілші қызметінен бастап, digital бағытының директорына дейінгі жолдан өтті.

«Жаңа қызметінде ол университеттің тәрбие және әлеуметтік саясатын дамытуға, студенттік бастамалар мен жастар жобаларын қолдауға жетекшілік етеді.

Қанат Әуесбайға жаңа қызметінде сәттілік, тың бастамалар мен толағай табыстар тілейміз!», – делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар