Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Құттықтауға келдік. Қолдаймыз!»: Төреғали Төреәлінің қарындасы отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті (ВИДЕО)

09:44, 07 қыркүйек 2026

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында сіңлісі Кәусарға қолдау білдірген әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол бүлдіршіннің әрбір жетістігі отбасы үшін үлкен қуаныш екенін айтып, ақ тілегін білдірді.

«Кәусар балапаным, ағам мен жеңгемнің тұңғышы - Кәусартайымыздың еңбектегеніне, жетістіктеріне қатты қуанып, құттықтауға келдік. Әр дұғамызда - сен барсың, ботам! Аллаһ саған ерекше жеңілдік берсін, барша халықтың сен үшін жасап жатқан дұғалары қабыл болсын. Сені әрдайым қолдаймыз! Сен ең мықты тұлғалардың бірісің, әлемдік адам боласың! Біз саған сенеміз», – деп ағынан жарылды Фариза Төреәлі.

Бұған дейін Төреғали Төреәлінің отбасы үлкен қыздары Кәусардың оңалту емдерін қабылдап жатқанын және ел тілеуімен аяққа тұрып келе жатқанын бөліскен болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар