Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жаңа белестер тілейміз!": Ескендір Хасанғалиевтің ұлы жаңа қызметке тағайындалды

17:16, 07 қыркүйек 2026

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев жауапты қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің шешімімен Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы» РМҚК директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

"Біржан Ескендірұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа белестер тілейміз! Жаңа қызметіңіз жемісті болсын!", - делінген филармония құттықтауында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар