Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Абсолютті жеңіс! Қазақстан оқушылары физикадан тарихи жетістікке жетті!

10:18, 11 шілде 2025 158

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында өткен Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленіп, әлемнің үздік физиктерін қапы қалдырды, деп жазады Alash.kz. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиадаға 21 елден озық ойлы оқушылар жиналды. Қазақстан атынан қатысқан бес оқушы он бір марапатпен елге оралды. Олимпиада теориялық және эксперименттік екі кезеңнен тұрды. Әр оқушы осы бағыттар бойынша жеке бағаланды.

Күміс медаль иегерлері:

  • Роман Черемнов — Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы
  • Таир Әбдіқадыр — Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы
  • Альтаир Аканов — Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы
  • Илияс Қазымбек — Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы

Қола медаль:

  • Даниэль Тюлюбаев — Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы

Теориялық кезең нәтижелері:

  • 1-дәрежелі диплом – Роман Черемнов, Илияс Қазымбек
  • 2-дәрежелі диплом – Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов

Құраманың жетекшілері:

  • Самат Максутов — PhD, CDU доценті
  • Назарали Айтжанов — CDU магистрі

Жас физиктер мен олардың ұстаздарын жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Бұл – қазақстандық білім мен ғылымның әлеуетін дәлелдейтін орасан жетістік.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар