Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқынымен күрес барысында түркістандық құтқарушы қайтыс болды

12:05, 04 сәуір 2024 359

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына су тасқынымен күреске көмекке келген түркістандық құтқарушы қайтыс болды. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.

2 сәуірге қараған түні 45 жастағы Бекжан Балданов Тайынша қаласындағы аудандық аурухананың реанимация бөліміне түскен. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Өлімге жіті миокард инфарктісі себеп болған.

Ер адам Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Сайран ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі болып еңбек еткен. 

Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келді. Сол күні кешке өзін нашар сезініп, кейін ауруханаға түскен. Петропавлдағы ауруханаға жатқызу үшін санавиациямен жеткізілмек болған. 



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар