Олигархтардың су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қанша миллиард аударғаны белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Барлық өңір бойынша демеушілерден 250,5 млрд теңге түскен.
«Тасқыннан зардап шеккендерге ақша бөлген олигархтардың тізімін алғаш рет көрсетіп отырмыз», - деді вице-премьер Қанат Бозымбаев брифингте.
Суретте көрсетілгендей, СҚО бойынша ең көп қаражат жиналған. Барлығы - 58,7 миллиард теңге. 8 өңірден аты бірнеше рет аталған олигархты байқауға болады. Ол Kaspi.kz басшысы - Вячеслав Ким.