Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сот Еркебұлан Тоқтарды «Ұсақ бұзақылық» бойынша кінәлі деп танылды

20:07, 10 қыркүйек 2026

Қазақстандық танымал ММА файтері әрі актер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі видеода балағат сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, ведомство қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторинг жасау барысында спортшының балағат сөз айтқан видеосын анықтаған.

Аталған материал Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. Сот Еркебұлан Тоқтарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы, яғни «Ұсақ бұзақылық» бойынша кінәлі деп таныды.

Сот шешімімен спортшыға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 2026 жылы бұл сома 86 500 теңгеге тең.

Алматы прокуратурасы қоғамға танымал адамның мәртебесі оны әкімшілік жауапкершіліктен босатпайтынын еске салды.

Ведомство өкілдері әлеуметтік желідегі жарияланымдар мен қоғамдық тәртіпке қатысты талаптарды сақтаудың маңызын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар