Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Артында 5 баласы қалды" - Шымкентте ер адам көршісінің қолынан қаза тапты (ВИДЕО)

14:17, 10 қыркүйек 2026

Шымкент қаласындағы Хамза көшесінде көршілер арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Оқиғаға 65 және 39 жастағы екі ер адамның арасындағы жанжал себеп болған. Қақтығыстың нақты неден басталғаны әзірге белгісіз, деп жазады Alash.KZ

Оқиғаның сұмдық сәттері көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда 39 жастағы ер адамның 65 жастағы көршісіне бірнеше рет жұдырықпен соққы жасағаны көрінеді. Соққыдан қарт ер адам жерге құлаған. Алайда ол жәбірленушіге жатқан жерінен тағы бірнеше рет соққы жасаған.

Одан кейін күдікті марқұмның үйінен кейбір заттарды алып, үйіне кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы келді. Ал күдікті оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Артынша күдікті ұсталды.

Марқұмның артында бес баласы қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар