Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Барни» ісі: 19 жасар Мадинаның өліміне қатысты сараптама қорытындысы шықты (ВИДЕО)

17:34, 10 қыркүйек 2026

Жамбыл облысында өзіне қол жұмсады делінген 19 жастағы Мадина Рашидқызының өліміне қатысты атышулы «Барни ісі» бойынша сот-медициналық сараптамасының қорытындысы дайын болды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Осыған байланысты істің мән-жайын зерттеп жүрген блогер Жан Ахмадиев арнайы Тараз қаласына барды.

Аталған оқиға Жамбыл облысының Меркі ауданында орын алған еді. Ресми нұсқа бойынша 19 жастағы келіншек өз өміріне өзі балта шапқан. Алайда марқұмның жақындары мен туыстары бұл тұжырыммен түбегейлі келіспей, істің әділ әрі ашық тексерілуін талап етіп келеді. Бұған дейін де марқұмның отбасына араша түсіп, қоғамдық назар аудартқан Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында іс бойынша жаңа деректердің пайда болғанын және оларды жақын арада көпшілікке жария ететінін хабарлады.

«Заңгерлер ішке кіріп кетті. Біз қазір Мадиярды күтіп тұрмыз. Мүмкіндік болса, өзінен сұхбат алып қалуға тырысамыз» - деп жазды блогер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар