Қарағанды қаласында орналасқан Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында информатика пәнінің мұғалімі Жарқын Әдбікәрім әлеуметтік желіде жазған жазбасы үшін кешірім сұрады. Бұл туралы ол Қазақстан Республикасында жекеменшік мектептерде хиджаб киюге рұқсат берілсе, мектептер лицензиясынан айырылады деген мәселеге байланысты Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялаған болатын, деп жазады Alash.KZ.
«Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек болып тұр. Күшті бір экономикалық зардап шегетін, экономикасы құлдырап кететін. Иә, Алла, күйретші! Әмин!», - делінген ұстаздың жазбасында.
Бұл жөнінде Қарағанды қаласының журналисі Айсұлтан Мұхамедиярұлы ұстазбен тілдесіп қайтыпты. ZTB арнасының жазуынша, жазба өшірілген. Ол бұл жазбасын ашуға және эмоцияға беріліп жазғанын айтты.
«Үш балам бар, кішкентай оқушы қыздарым бар. Мектепте хиджаб киюге байланысты жазған жазбам үшін кешірім сұраймын», - деді ол.