Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбекстан латын әліпбиін тағы өзгертетін болды

14:00, 10 қыркүйек 2026

Өзбекстан Сенаты латын әліпбиін өзгерту туралы заңды мақұлдады. Жаңа өзгерістерге сәйкес, қазіргі 26 әріп пен үш әріптік тіркестің орнына 28 әріп пен бір апострофтан тұрады, деп жазады Alash.KZ.

Нақтырақ айтқанда, екі таңбамен жазылатын кейбір әріптер бір таңбаға ауыстырылады. «Sh» орнына — «Ş», «Ch» орнына — «Ç», «Oʻ» орнына — «Ö», ал «Gʻ» орнына — «Ğ» қолданылады.

Сонымен қатар «Ng» әріп тіркесі әліпбиден алынып тасталады.

Өзбекстан билігінің айтуынша, реформа емле ережелерін жетілдіруге, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және өзбек тілін цифрландыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі әліпбимен рәсімделген құжаттар, ұлттық валюта мен бағалы қағаздар жаңа өзгерістер күшіне енгенге дейін қолданыла береді. Мемлекеттік мекемелердің қазіргі әліпбимен жасалған маңдайшалары мен көрсеткіштері де жаңасына ауыстырылғанға дейін жарамды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар