Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«1 миллионға жуық»: депутаттың бір күндік жалақысы қанша? (ВИДЕО)

13:12, 10 қыркүйек 2026

Құрылтай депутаттарының ай сайынғы жалақысы еңбек өтіліне қарай 600 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін белгіленеді. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева брифинг барысында мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

Оның айтуынша, депутаттың еңбек өтілі неғұрлым көп болса, жалақысы да соғұрлым жоғары болады.

«Қазіргі депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жетеді. Егер депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы миллион болады», – деді Дания Еспаева.

Сонымен қатар Құрылтай депутаттарына қатысты әдеп талаптары да қарастырылған. Егер депутат белгіленген әдеп нормаларын бұзса, оған бір күндік жалақысы көлемінде санкция қолданылуы мүмкін.

Есеп бойынша, айына 600 мың теңге алатын депутаттың бір күндік еңбекақысы шамамен 29 мың теңгені құрайды. Ал 1 миллион теңге жалақы алатын депутат үшін бұл көрсеткіш шамамен 48 мың теңге болады.

Демек, әдеп талаптарын бұзған жағдайда депутаттар бір күндік жалақысынан айырылуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар