8 қыркүйекте Көкшетаудағы салынып жатқан нысанның 9-қабатынан 19 жастағы жігіт құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Биіктіктен құлау салдарынан алған ауыр жарақаттарынан жас жігіт жедел жәрдем жеткенше, оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Өңірлік тәртіп сақшылары аталған оқиғаға қатысты ресми тергеу амалдарын бастап кетті.
«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс тіркеді. Тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңындағы қауіпсіздік техникасының сақталуы мен оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда.