Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Соққыға жыққан әкімнің ұлына емес, жәбір көрген оқушы қыздың анасына айыппұл салынды

11:51, 02 сәуір 2024 602

Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы оқушы қызды соққыға жыққаны туралы ақпарат пайда болған еді.  Ақпаратты Оқу-ағарту министрлігі растады. Соққыға жыққан әкімнің ұлына емес, жәбір көрген оқушы қыздың анасына 51 688 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Alash.kz мәлімдейді.

Бейнебақылау камерасы мен мектепте бұл жағдайды көрген куәгерлердің сөзін растай келе, сот қыздың тарапынан балаға қорлық көрсетілгенін айтты.

Агрессия тудырған қыздың өзі деген шешімге келген сот қыздың анасына 51 688 теңге айыппұл салды.

Сот үкімі бойынша, сол күні алтыншы сынып оқушысы физика сабағына бара жатқанда, оны жетінші сыныпта оқитын оқушы қыз бен оның құрбысы дәлізде күтіп алған. Қыз оның түрі, киген киімдері туралы кемсітетін сөздер айтып, оны өткізбей қойған, сонымен қатар сөмкесіндегі сусынын тартып алып, қайтармаған. Осыдан біраз уақыт бұрын ол сол мектептің төменгі сыныбында оқитын қарындасын "коротышка" деп мазақ қылған.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар