КХДР Оңтүстік Корея аспанына қарай қоқыс пен нәжіс толы шарларды тағы ұшырды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Yonhap агенттігіне сілтеп.
Оңтүстік Корея әскерилері азаматтардан нысандарға жақындамауды және олардың табылғаны туралы билікке жеткізуді сұраған.
Желдің бағыты өзгермесе, шарлар осы демалыс күндері діттеген жеріне жетуі және төңірегін ластауы мүмкін екені нақтыланды.
Солтүстік Корея тұтас әлемнің назарын аударуға түрткі болған бұл әрекетін тоқтатпай отыр. Бұған дейін КХДР Оңтүстік Кореяға қарай қоқыс салынған жүздеген шарлар ұшырғаны хабарланған едік.
Сол кезде де, Солтүстік Корея көршілеріне қарай қоқыс байланған 150 шар ұшырып, аспаннан нәжіс пен көң жаудырған.
"Біз Солтүстік Кореяға адамгершілікке жатпайтын және дөрекі әрекеттерін дереу тоқтатуды қатаң ескертеміз", - деді Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары комитеті.
Ақпаратты Yonhap серіктес агенттігі Қазақстандық БАҚ-қа арнайы ұсынған.