Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Солтүстік Корея көршілеріне қарай қоқыс байланған 150 шар ұшырып, аспаннан нәжіс пен көң жаудырды

29 мамыр 2024 963

Солтүстік Корея Оңтүстік Корея аспанына 150-ге жуық шар ұшырды. Оның барлығы нәжіс және күл-қоқыспен толтырылғандығы анықталды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Оңтүстік Корея аспанына жеткен шарлардың кейбірі қонды, ал кейбірі әлі де ауада қалқып жүр. Шарлармен тасымалданған заттардың барлығы қоқыс пен нәжіс,пластик ыдыстар, ұлтарақ екені расталды.

"Біз Солтүстік Кореяға адамгершілікке жатпайтын және дөрекі әрекеттерін дереу тоқтатуды қатаң ескертеміз", - деді Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары комитеті.

Бұл шарларды жинау мен талдау жұмыстарын жүргізуге Оңтүстік Корея әскерилерінің биохимиялық шабуылдардың алдын алу жөніндегі "CRRT" департаменті мен жарылғыш оқ-дәрілердің алдын алу жөніндегі "EOD" департаменті бөлімшелердің жеке құрамы жұмылдырылды.

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяны халықаралық құқықты бұзды және Оңтүстік Корея азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірді деп айыптап жатыр.

Оңтүстік Корея әскерилері қазіргі жағдайды шешу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының қолбасшылығымен бірлесіп жұмыс атқаратынын мәлімдеді және азаматтарға Солтүстік Кореяның әуе шарларын байқаған жағдайда дереу полицияға хабарласу керектігін ескертті.

26 мамырда КХДР Қорғаныс министрінің орынбасары Ким Гван Ир республика аумағында Оңтүстік Корея таратқан үгіт материалдарының байқалғанын хабарлады. 

Yonhap жылдар бойы Солтүстік Кореядан оңтүстікке қашқан адамдар Ким Чен Ынды сынаған парақшалары бар әуе шарларын КХДР-ға қарай ұшырғанын атап өтті.

Сейсенбі, 28 мамырда Сеул КХДР-дан ұшырылған әуе шарларының ішінде үгіт-насихат парақшалары бар деп болжады. Бірақ кейінірек бұл қоқыс екені анықталды.

Еске сала кетейік, Солтүстік Корея 2016 жылы да Оңтүстік Кореяға қоқыс артқан шарлар жіберген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?