АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Ақ үйге шақыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
РБК-Украина агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Трамп журналистермен сөйлесу барысында айтты.
Трамп Зеленскийді Ақ үйге шақыратынын айтып, “Біз Украинадағы соғысты тоқтатқымыз келеді” деп мәлімдеді.
“Менің ойымша, Зеленскийдің Овал кеңсесіне соңғы сапары мен қазіргі жағдайдың айырмашылығы үлкен. Украина толық атысты тоқтатуға келісім берді, және мен Ресей де осыған келіседі деп үміттенемін”, – деді Трамп.
Зеленский мен Трамп арасындағы келіспеушілік
Айта кетейік, Зеленский бұған дейін, 28 ақпанда, Вашингтонға сапармен барып, Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен еді.