Эстония, Латвия және Литва билігі Ресей тарапынан ықтимал шабуыл жағдайында азаматтарды жаппай эвакуациялауға арналған бірлескен жоспар құруда, деп хабарлайды Alash.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Yш мемлекет үкіметі бейбіт тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшіру тетіктерін нақтылап жатыр. Жоспар бойынша шекара маңындағы елді мекендерде тұратын шамамен 400 мың адам алғашқы эвакуация толқынына кіреді. Эвакуация кезінде мектептер, спорт ареналары мен шіркеулер уақытша баспана ретінде пайдаланылмақ. Ал негізгі магистральдар әскери көліктерге арналатындықтан, бейбіт тұрғындарға балама жолдар ұсынылады.
Балтық елдері бұл шараларды Ресейдің ықтимал әскери немесе гибридті шабуыл қаупімен байланыстырып отыр. Елдер үкіметтері соғыс жағдайында халықты қорғау және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау тетіктерін пысықтауда.
Мәскеу өз кезегінде НАТО елдеріне қарсы шабуыл жоспарлары жоқ екенін мәлімдеді. Алайда Балтық елдері көрші елдің әрекеттеріне сенімсіздікпен қарап, азаматтық қорғаныс жүйесін күшейтуде.