Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Си Цзиньпинмен сөйлесіңіз!" - Зеленский Трампқа ауыр міндет артты

14:24, 24 қыркүйек 2026

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптан Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен сөйлесіп, Ресей басшысы Владимир Путинге ықпал етуін сұрауды өтінді, деп жазады Alash.KZ порталы «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Зеленский бұл өтінішін Нью-Йоркте өткен брифинг барысында журналистерге айтқан.

Украина басшысы Дональд Трамптан Қытай лидері Си Цзиньпинмен келіссөз кезінде оған Ресей президенті Владимир Путинге ықпал ету қажеттігін жеткізуді сұраған.

«Бүгін мен Америка Құрама Штаттарының президентінен Си Цзиньпинмен сөйлесіп, Қытай басшысынан Путинге ықпал етуін, соғысты тоқтатуға немесе ең болмағанда шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған қадамдар жасауын сұрадым», – деді Владимир Зеленский.

Оның айтуынша, деэскалацияға бағытталған ықтимал қадамдардың қатарында энергетика және астық мәселелері де бар.

Зеленскийдің пікірінше, мұндай келісімдер Ресейдің соғысты аяқтауға бағытталған қадамдарға шынымен дайын екенін көрсетуі мүмкін.

Украина президенті сондай-ақ Дональд Трамп бұл өтінішін Си Цзиньпинге жеткізуге уәде бергенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинді ұшақ трапынан қарсы алған. Қытай басшысы АҚШ-қа мемлекеттік сапармен барған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар