Семейлік ұстаз Қуат Айтқалиев ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Alash.kz.
24kz мәләметі бойынша, ол жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде құлап, ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оның бас сүйегінің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болған.
Білім министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, қазір өтемақы мәселесі шешілуде. Мұғалім әлі жұмыс істей алмайды - ол реабилитацияны қажет етеді.