Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шынжырмен қылғындырып,пышақтап,кейін өртеп жіберген: Шымкентте өз анасын өлтірген ер адамның көршілері бар шындықты айтты

10:05, 15 қаңтар 2025 1292

Шымкентте ер адам өз туған анасын пышақтап, артынша өртеп жіберген. Бұл туралы Stan.kz тілшісі куәгерлерден сұрастырып, оқиғаның мән-жайын анықтаған, деп хабарлайды Alash.kz. 

Оқиға 12-қаңтар күні күндізгі сағат 11:00 шамасында басталған дейді көршісі. 

"Өткенде біраз көрінбей қалғанға біз күдіктендік. “Осы бәле мамасына бірбәле істеп қоймады ма деп?!” деп. Арғы жағындағы көршіден сұрадық. "Мамасы дәретханаға кіріп-шыға ма?" десек, "кіріп-шығып жүр" деді. Сөйтіп тұрғанда өлтіріп, өзі өртеп жіберген екен ғой. 12-сі күні азанда сағат 11-де өлтіріп, сөйтіп сол күні алып шығып, түнде жаққан екен ғой”, – дейді көршісі. 

 

Сұмдықты бірінші болып марқұмның үлкен ұлы көрген. Жұмыстан келген ол қанға малынған үйді көріп, далаға қашып шығады. Сөйтіп, өзіне жұмыс беруші әйелдің үйіне барған. Қанға бөккен үйге келген екеу кіре алмай далада біраз жүргенін айтады. Көрші өзге әйелдерді ертіп ішке енген оларды күдікті пышақпен қуып шыққан дейді көршісі. 

Бұл әйел көп қорлық көрді негізі. Оған дейін шалы да (мінезі бар еді) бұл кісіні жерден алып, жерге салып… Ол кезде балалары кішкентай еді. Өлтірген баласы сау еді. Үлкен баласының ғана сәл-сәл ауытқуы бар еді. Ауытқу болғанымен ешкімге зияны жоқ ауытқу. Шал кеткен соң рахаттанып өмір сүретін шығар десек, рахаттанып өмір сүре алмады ғой. Баласы бұзық болып шықты да шешесіне тек қана зәбір көрсетіп, қорқытып, жұлқылап. Басында жақсы жүретін. Кейін үйленіп ажырасты. Екіншісіне тағы үйленді. Онымен де ажырасты”, – дейді азамат. 

Анасын қорлап өлтірді деген шымкенттік жігіт екі рет сотталып шыққан екен. Бірінде ұрлық үшін ұсталса, екіншісінде нашамен байланысып жауапқа тартылды дейді ер адам. 

Бұның баласы алдында екі рет сотталған еді. Наша шегуін қоймады бұл. Анау жерге отырып алып, наша шеккенді жақсы көретін. Ол түтіннің иісі менің тереземе кіреді жаздың күні. Мен шығам да оны ұрғым келетін. Мамасы қорғаштайтын "тимеші" деп. Осы жағдай болды ғой ақыры”, – дейді көршісі. 

Ер адам 3-4 күн бұрын көрші үйдің ішінен гүрсілдеген дауыс шыққанын айтады. Қатты дауыстан секем алған қаралы үйдің көршісі үй өртеу үшір күдіктінің ағаш жарғанын айтады. Кейін белгілі болғандай алдын-ала дайындалған ағаш әр бөлмеге жайғастырылған екен. 

"Мамасын өлтіріп болғаннан кейін барып, сыртқа алып шығып, туалеттің алдына барып, сол жерде шұңқырға тастап, астына-үстіне ағаштардың бәрін үйіп-төгіп жаққан. Апарып, қазір жерлеп келдік қой. Бір-ақ метр болып қалған”, – дейді ер адам.

 

Анасын аяусыздықпен өлтірді деген күдікті сол күні поштаға түсетін әйелдің жәрдемақысын алып келген екен. 

“Қайтыс болардың алдында почтадан ақша алыпты бұлар. Шешесін жұлқылап жүріп, тез-тез ақшасын алдырып, үйіне алып келген. Ақшасын алып болған соң әкеліп, өлтірген. Бірінші шынжырмен қылқындырып өлтірген. Кейін пышақтап. Күннің қарайғанын күтіп, апарып сол жаққа жаққан. Ешкім көріп қоймасын деп”, – дейді көршісі. 

Өз ұлының қолынан айуандықпен ажал құшқан әйел бүгін жер қойнына тапсырылды. Ал ұлы қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетсек, ер адамның нашақор болғанын, өз анасын құрбан еткені туралы бірер күн бұрын хабарлаған едік.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар