12 қаңтар күні түнде полицияға өрт туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнында әйел адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды», – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыс отбасылық жанжал салдарынан жасалған.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, өрт қоймас бұрын ер адам өз анасын пышақтап өлтірген.