Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте жасөспірімдер қолына қару ұстаған қылмыскерді тоқтатып, ерлік көрсетті

19:11, 09 қазан 2024 745

Шымкентте жасөспірімдердің қолына қару ұстаған қылмыскерді тоқтатқаны хабарланды, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы хабарлады.

Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесінде орналасқан ломбардтардын бірінде бетіне медициналық маска киіп алған белгісіз тұлға қолына тапаншаға ұқсас затпен ломбард қызметкерлерін қорқытып 100.000 теңге қаражат талап еткен. Ломбард ішінде тұрған 18 жасар еразаматтар қылмыстын алдын алу мақсатында құқықбұзушыны тәртіп сақшылар келгенше ұстап алған.

 
Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп құқықбұзушыны тұтқындаған. Аудандық полиция басқармасының бастығы Тілеуов Нұржан өз кезегінде жасөспірімдердің танытқан ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?