Шымкентте 40 оқушы қыз ата-ана қарауынсыз қайырымдылық қорында тәлім алған, деп хабарлайды Alash.kz Қазақстан телеарнасына сілтеме жасап.
Шымкентте мектеп жасындағы 40-қа жуық оқушы қыз ата-ана қарауынсыз әлдебір жекеменшік мекемеде жатып тәлім алып келген. Олардың дені - кәмелет жасына толмағандар.
Бұл жәйтті Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура бірлесіп әшкереледі. Кооператив қоры ата-анасы бар 28 отбасының қыздарын өз қамқорлығына алған. Ата-аналар оларға қарсылық танытуға шарасыз болған.
Оқушылардың алды бұл жерде 3 жыл, кейін келгені 3 ай тұрған. Мамандардың айтуынша, қор әділет органының тіркеуіне алынғанымен, балалар мен жасөсіпірмдерге тәлім-тәрбие беру құқы берілмеген.
Бүгінгі таңда арнайы комиссия құрылып, қайырымдылық қорының нақты немен айналысқаны тексерілуде.