Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шведтік үстел, ұлттық тағамдар»: Әскердегі сарбаздар ас мәзіріне қандай өзгерістер енді?

15:24, 01 сәуір 2026

Еліміздің әскери бөлімшелерінде жеке құрамды азықтандыру тәртібі жаңа форматқа көшірілді. Енді сарбаздар күнделікті ас мәзірін өз қалауы бойынша таңдау мүмкіндігіне ие болды, деп жазады Alash.kz. 

Бұл жаңашылдық аясында рационға ұлттық тағамдар енгізіліп, арнайы тақырыптық күндер белгіленген. Реформаның басты мақсаты — әскери қызметшілердің ас мәзірін әртүрлі әрі сапалы ету, сонымен қатар ұлттық асхана дәстүрлерін дәріптеу.

Жаңа жүйенің ерекшелігі сол, әскери бөлімшелерде «швед үстелі» қағидаты іске қосылды. Бұл әдіс сарбаздарға ұсынылған бірнеше тағамның ішінен өзіне ұнайтынын таңдап алуға жағдай жасайды. Маңыздысы, ас мәзірінің түрленуіне қарамастан, тамақтану құны бұрынғы деңгейде сақталады. Жауапты мамандар бұл қадамның әскери қызметтің тартымдылығын арттыруға септігін тигізетінін алға тартады.

Атап айтқанда, сарбаздардың дастарқанында мампар, қуырдақ, палау, ет және бауырсақ сияқты дәстүрлі тағамдар жиі көрініс табатын болады.

Бұл бастама әскердегі тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі. Жаңа жүйе тамақтану процесін заманауи стандарттарға сай етіп қана қоймай, сарбаздардың денсаулығы мен көңіл-күйіне оң әсер етеді деп күтілуде. Дайындық жұмыстары аяқталған соң, бұл тәжірибе барлық әскери бөлімдерде кеңінен қолданылмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар