Ливанда тағы да жарылыс орын алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл жолы жарылыс «Хезболла» қарулы тобы мүшелерінің қолындағы рациялардың күлі көкке ұшқан.
«Рейтердің» хабарлауынша, оқиға Бейрут пен оңтүстіктікте болған. 20 адам қаза тауып, 450-і жараланды.
Мұның алдында Ливанда пейджерлер жарылған еді. Одан 12 адам мерт болып, 3 мыңға жуығы зардап шекті.
Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, байланыс құралдарына бірнеше ай бұрын Израильдің «Моссад» агенттері жарылғыш зат салған.
Ресми Тель-Авив оны мойындамай отыр. Израиль аймақтағы соғыстың жаңа кезеңі басталғанын жариялады.