Шығыс Қазақстан облысында әйел адамды өлтірді деген күдікпен жасөспірім қамауға алынды, - деп жазады Alash.KZ порталы 24KZ-ке сілтеме жасап.
Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Десе де ШҚО Полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған қауесетті ресми түрде жоққа шығарған.
Тексеріс барысында бұл оқиғаның "Көк кит" ойынымен ешқандай байланысы анықталмаған. Сонымен қатар, қаза тапқан әйел мұғалім болмағаны расталған.
"Зайсан ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Сот күдіктіге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", - деп жазылған хабарламада.