Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте 15 жастағы қыз боди-массажист боп жұмыс істеген

14:51, 16 шілде 2024 1125

Шымкентте жалғызбасты ана кәмелетке толмаған қызының жұмысы туралы сыныптасынан білген, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 жастағы қыз қосымша ақша тапқысы келіп, боди-массаж жасауға келіскен, салдарынан анасы ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Шарасыз ана "Көреміз" бағдарламасына жүгініп, жағдайдың мән-жайын айтты.
 
Мегаполис тұрғыны газ компаниясында жұмыс істейді, жабдықтың қауіпсіздігін тексереді. Әйелдің екі қыз, бір ұлы бар. Әйел қызының жұмысы туралы оның сыныптасынан білген. Айтуынша, жұмыста жүрген уақытында қызының құрбысы хат жазып, перзентінің теріс жолға түскенін ескерткен. Қызының бұл қылығы туралы білген анасы эмоциясын ұстай алмай, жасөспірімге қол көтерген. Енді құзырлы органдар әйелді "үйде көп болмайсыз, бала-шағаңызға қарамайсыз, үнемі көшеде жұмыста жүресіз" деп аналық құқығынан айырмақ.

Мен жұмыста жүргенмін, бір уақытта маған қызымның құрбысы жазып, "Айсана үйде ме?" деп сұрай бастады. Бұл Нұрсезім деген үнемі бірге жүретін қыз еді. "Иә, үйде" деп жауап бердім, енді ол күнде үйде ғой, ал ұлымды өзіммен бірге жұмысқа алып кеткенмін. Содан ол "ол түнімен үйде болған жоқ, қызыңыз жаман жерге барып жүр" деп айта бастады. Жаман жер дегені боди-массаж жасайтын жер екен, сол жерге қызымды жұмысқа шақырыпты, қызым жұмысқа кіріпті. Нұрсезім "Зияда деген бір қыз сіздің қызыңызды жаман жолға тартып жүр, ақша табамыз деп боди-массаж жасайтын жерге апарды" деп жазды. Мұның бәрі соңғы қоңырауға үш күн қалғанда үш қыз бірігіп, "каникулда жарататын ақша табуға жұмыс іздеп көрейік" дегеннен басталған. Маған жазған Нұрсезімнің өзі интернетке кіріп, үшеуіне жұмыс іздеген. Әлеуметтік желі арқылы жұмысты тапқанда бірінші екі қыз барып көрген, алғашында жұмыстың қандай екенін түсінбегенімен, кейіннен ондағы адамдар бәрін түсіндірген. Жұмыс ұсынғандар Нұрсезімнің сырт келбетіне байланысты оны жұмысқа қабылдаудан бас тартыпты, содан екінші қыз менің Айсарамды өзімен бірге апарған", - деді әйел.

Шындықты білгеннен кейін шымкенттік әйел бірден құқық қорғау органдарына жүгінген, содан кейін олар мектеп оқушылары интим қызмет көрсететін тұрғын үйге бет алған көрінеді. Пәтерде қызмет көрсететін қыздар мен тағы бір мас ер адам болған. Жасөспірімдерді интим қызмет көрсетуге тартқан адамдар қыздардың жасынан бейхабар болғанын айтып, басын ала қашты.

Қызымды мұндайдан шығарып алып, қайта тәрбиеме көндіргім келеді. Адасқан баламды тура жолға салу, кеш емес деп ойлаймын. Менің қателігім жұмысым деп ойлаймын, жұмыс істеймін деп балаларыма көңіл бөлмей кеткен шығармын, - дейді жеткіншектің анасы.

"Көреміз" бағдарламасының журналистері уақытша оқшаулау орталығындағы кәмелетке толмаған қыздармен байланысқа шықты. 

Зияда екеуміз пәтерге барғаннан кейін ұзақ отырдық. Бір уақытта екі өзбек келді. Біреуі мас болды, мас кісі маған кірді. Кіргеннен кейін маған тиісе бастады, мен шошып, шығып кеттім, ешнәрсе істеген жоқпын. Маған адамдар "сен істедің, жатып шықтың" деп жатыр. Білмеймін енді, маған бәрібір. Негізі адам көп келген жоқ, - дейді жасөспірім.

Ер адамдарды жеткіншектерге жіберіп отырған адамдар шын есімдерін жасырын ұстаған.

Ер адамдармен келісіп, бізге жіберіп отырған қыздар шын есімдерін айтпайды, әртүрлі есім айтады. Динара, Бека, Дана және тағы басқасы. Клиент ақшаны сол кісілерге береді, олар бізге береді. Мен сол күні "үйге қайтамын" деп, 5 мың теңге алдым. Мен басында боди-массаж дегеннің не екенін де білмедім. Олар маған "жәй ғана массаж жасайсың да, шығасың, ақша көп табасың" деп айтты. Мен осы естігендеріме алданып, кіріп кеттім. Адамдар ойынға қызығып кіріп кетеді ғой, менде де тура сондай жағдай болды. Боди-массажды бір адамға 25 минут жасау керек екенбіз. Оны қалай жасау керегін бізді күтіп алған әпке үйретті, бірақ мен оны істеген жоқпын", - дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар