Атырауда «Хакер Атырау» лақап атымен танылған 32 жастағы жергілікті азаматқа қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Журналист өзінің парақшасында сот залынан фото-видео материалын жариялап, атыраулық азаматқа «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді.
Істің егжей-тегжейіне тоқталған Жанат Молдашева күдіктінің шығын көлеміне қатысты таңданысын жасырмай, төмендегідей төл сөзін білдірді:
«Шетелден тауып алып, елге желкелеп жеткізгенге 200-300 млн. жоғары борышы бар болар деп ойлағанмын. 13 млн. теңге екен».
Сонымен қатар, желі қолданушылары мен оқырмандар бұл істің ашылуына күдіктінің өзі себепші болғанын атап өтіп: «Осы бала болмағанда бұл іс ашылмас еді...», — деп пікір қалдырса, енді бірі оны елге қайтару шығыны туралы: «Оны алып келуге 4 миллион ақша кетеді ғой...», — деп жазған.
Қазіргі таңда аталған резонансты іс бойынша сот процесі жалғасуда. Оқиғаның толық мән-жайы қосымша жарияланатын болады.