Қоғам белсендісі, әлеуметтік желіде Аяз би есімімен танылған азамат ой саларлық жазба ұсынып, көпшілік қауымға ескерту жасады, деп хабарлайды Alash.kz порталы.
Желі қолданушысы отыз жылда жеткен жетістіктерді саралап, өзгерістерді еске салды:
Бір жас журналист: "30 жыл өзгермеген мемлекетте бірдеңе өзгере қоймас. 30 жылда не өзгерді?", - дейді...Мен, 30 жыл демей-ақ қояйын. 25 жыл бұрынғы Қазақтың жағдайын білемін. Көзбен көрген адаммын.Ол кезде Қазаққа қазіргідей:Шетелде қыдыру тұрмақ, аудан орталығына бару үшін автобусқа ақша тапса қуанатын;Екі күнің бірінде мейрамханада ас ішпек түгілі, көрші-қолаңнан бір табақ ұн табылса шүкірлік ететін;Өңір-өңірлерде мектеп, балабақша, тұрғын үйлер бой көтермек түгілі, барлық ғимараттар қаңырап қирап жатқан еді;Бас басына бір көлік емес, әр әулетте бір адамның жеке машинасы болса үлкен абырой, һәм қуаныш еді;Versace, Gucci дей ме? Сан түрлі брендтердің киімін таңдап кию жоқ. Әркім тапқанын киетін;"Үйде люстра жоқ" деп ешкімнің еңсесі түспейтін. Тек "о' свет жанды, свет жанды" деп мәз болатын;Әлемді алақаныңда көрсететін смартфондар кісінің қиялына сыймайтын. Көршілер бір-бірінің үйіне жиналып ТВ көретін еді. Себебі әр үйде телевизор болғанмен дұрыс көрсете бермейтін;Кранның суынан жиреніп фильтр қоймақ түгілі, жер үйлерді айтпағанда көп қабатты үйлердің өзі тәшкімен су тасып ішкен жағдайлар болған;Қара халық кез келген даулы мәселеде БАҚ-ты, әлеуметтік желіні шулатып әділдік іздей алмайтын. Кімнің қалтасы қалың, кімнің күші басым сол жеңіске жететін еді. Шенділер блогерлер мен журналистерден емес, бандиттерден қорқатын.Қазір де жағдай мәз емес шығар.Бірақ көзі ашық адамға құқығын қорғауға мүмкіндік бар. Бұзау болмаса болды;Айта берсең тізімді ұзарта беруге болады...