Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шерзатты өлтіргендерді 17 адвокат қорғауда: Іс туралы сұмдық дерек шықты

13:00, 15 сәуір 2025 2294

16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі ресми түрде ашық форматта өтіп жатыр. Бұл қоғамдағы резонансты одан әрі күшейтті – әлеуметтік желілерде қазақстандықтар өз пікірлерімен және эмоцияларымен белсенді түрде бөлісуде. Ulysmedia.kz азаматтардың кейбір пікірлерін жинап ұсынды, деп хабарлайды ALASH.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары тіл мәселесі немесе дін секілді тақырыптар тәулік бойы талқыланып жатқанын, ал Талғарлық жасөспірім немесе Қызылордадағы сексуалдық құлдықта болған қыз туралы ешкім ауыз ашпайтынын атап өтуде.

Алайда қоғамды ерекше таңғалдырған жайт – Шерзат Полат ісі бойынша айыпталушыларды 17 адвокат қорғап жатыр.

“Неге сонша көп? Бұл адамдарда ар-ұят бар ма өзі?” – деп жазуда пікір қалдырушылар.

Кейбіреулер бұл істі заңгерлік қолдау арқылы “жабуға” тырысып жатыр деп есептейді, ал басқалар мұндай адвокаттар армиясы айыпталушылардың артында үлкен қаржы мен байланыс барын көрсетеді дейді.

Ал енді біреулер соттың ашық өтуі қандай да бір қысым көрсету әрекеттерін тоқтатады деп үміттенеді.

Талғар туралы қазақстандықтар алғаш рет өткен жылдың қазан айының басында, 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін айта бастады. Бұл іс жұртшылықтың назарын өзіне ә дегеннен-ақ аударды – жасөспірімнің әкесі жергілікті полиция жұмысының әділдігіне күмән келтіріп, бұл туралы ашық айтқан болатын.

Осы сәттен бастап бұл оқиға жеке трагедия шеңберінен шығып, бүкіл елді дүр сілкіндірді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар