Кеше, 22 қаңтар - марқұм Шерзат Полаттың туған күні. Бұл туралы инстаграм әлеуметтік желісіндегі Шерзаттың жанашыр достары мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Шерзат Полат тірі болса 17 жасқа толар еді.
Марқұмның ісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаттары мәлімдеді.
17 қаңтарда Шерзаттың өліміне қатысты қышлмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы бізге тергеуден хабарлама келді. Енді біз қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз, дейді Карина Көшербаева.
Еске салсақ, 2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген.