Ақтөбеде бір топ жігіт 11-сынып оқушысын асқан қатыгездікпен соққыға жығып, денесіне пышақ салған, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқушының анасыны болған жайлы хабарлап, әділдікті талап етті.
Анасының айтуынша, ұлы соққыға жығылар алдында көршісімен кездесуге кеткен. Қақтығыс жақын маңдағы азық-түлік дүкенінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Дүкен иесі алғашқылардың бірі болып жарақат алған оқушыға көмек көрсетуге келген, жедел жәрдем шақырған.
Оқиға 2025 жылдың 21 наурызында қала шетінде болған. Пышақ жарақатынан кейін бозбала қазіргі уақытта ол өз бетінше жүре алмайды. Актөбе полициясы бұл жағдайға қатысты бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Алайда тек төрт адам ғана ұсталған.