Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шектен шықпау: Жұрт көзайымына айналған жұп ажырасты ма?

07:18, 26 қараша 2024 1700

Танымал актер Ермек Тұрғанбек пен актриса, "Қазақ аруы-2020" байқауының жеңімпазы Нарқыз Айдарованың ажырасты ма? Бұл туралы ол XVII Евразия халықаралық кинофестивалінде Massaget тілшісіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Желі қолданушылары актер Ермек Тұрғанбек пен Нарқыз Айдарованың отбасылық өміріне алаңдаушылық білдірді. Актерлер Instagram желісінде бірге түскен суреттерін өшіріп, бір-бірін парақшаларынан алып тастаған. Ермек Тұрғанбек бұл жағдайды ешқандай ажырасумен байланыстырмады. 

 

"Бізде бәрі жақсы. Көбі желідегі суреттер жоқ болса екеуі бірге тұрып жатқан жоқ па деп ойлап жатады. Ол нәрсеге бір жағдайлар себеп болды. Бірақ отбасылық ара-қатынасымызға еш қатысы жоқ. Жұмыс бойынша осылай істеуге тура келді. Бірге тұрып жатырмыз. Отбасымызда бәрі жақсы. Ұлымыз да өсіп жатыр, бұйырса ақпан айында үшке толады. Дайындалып жатырмыз. Нарқыздың шығармашылық өміріне жары ретінде де, продюсер ретінде де қолдау білдіріп жатырмын. "Заманback" фильміне түскен болатын. Қазір жақсы касса жинап жатыр. Бірге қуанып, тілектес болып отырамын" деді ол журналист сауалына. 

Жуырда танымал болған "Заманback" фильмінде ойнаған Нарқыз Айдарованың алдағы уақытта махаббат сахналары көрсетілетін фильмдерге түсуіне Ермек Тұрғанбек қалай қарайтыны жайлы айтты. 

"Махаббат сахналары әртүрлі болады ғой. Бастысы - шектен шықпау. Бұл біздің отбасымызда әлдеқашан шешіліп қойған мәселе. Егер махаббат сахнасын әдемі қылып көрсететін болса, қарсылығым жоқ. Мысалы "Заманback" фильмінде Рамазан Амантай екеуінің арасындағы махаббат көрсетіледі. Бірақ ол жерде ешқандай шектен шығу болмаған. Сол себепті әу бастан қарсылығым жоқ. Қолдауға тырысамын" деп қосты ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар