Атырау облысы, Жангелдин елді-мекенінде орын алған отбасылық трагедияға қатысты марқұмдардың құдасы өз пікірін айтты, деп жазады Alash.kz.
Мұқанғалиевтердің құдасы Амангелді Қалиев марқұмдардың мінез-болмысы туралы баяндап, оқиғаның неден болғанын топшылап берді:
Құдам - қарапайым кісі, сұрақ қойғанның өзінде ойланып жауап беретін салмақты кісі. Құдағи да сондай. Мен көбіне өндірісте жұмыс істегендіктен, көбіне ел ішінде болмаймын. Той-томалақта кездескенде амандық-саулық сұрасып, сәлемі түзу еді. Ең соңғы рет тамыз айында Миялыдағы немере інісінің құдалығында болдық. Сонда қасымда отырды. Ол кезде көңіл-күйі жақсы.
Бір оқиға боларда азғантай нәрседен болуы мүмкін. Ол күрделеніп келіп, екі жақты үлкен мәселеге айналып кетуі мүмкін. Оны бөтен ешкім білмейді. Мысалы, біз білсек, жол сілтеп, былай-былай деп айтамыз ғой. Сондай күрделі мәселеге айналып кетіп, соған барды деп ойлаймын. Ушығып, шегінен асып кетті. Сол үшін барды ғой.