Қарағанды облысы полиция департаменті Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйдің 8-ші қабатынан әйел адамның секіріп кеткенін хабарлады. Бұл туралы Alash.kz мәлімдейді.
Оқиға 8 сәуір күні болған.
– Алған жарақаттарының салдарынан ол көз жұмды. Бұл факт полицияда тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Әлеуметтік желілерде бұл қайғылы оқиғаның видеосы тарап кетті. Департамент баспасөз қызметі әйелді секіріп кетті деп ақпарат таратса, видеода сегізінші қабаттан жетіншіге балкон арқылы өтіп бара жатқан сәтте қолы тайып мерт болғандығы анық байқалады.
“Бұл жалдамалы пәтер, Райка сол пәтермен айналысады” дейді түсіріп тұрған адам. Төмен жақта құтқарушыларды көруге болады.