Түркістан облысындағы Шардара су қоймасының демалыс аймағында гидроцикл адамдармен бірге "ватрушкаға" соғылды деп жазады Alash.KZ.
Оқыс оқиға салдарынан үш адам жарақат алған. Олар ауруханаға жатқызудан бас тартты және амбулаториялық емделуге жіберілді.
Түркістан облысының полициясы су көлігінің жүргізушісі полицияға жеткізілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу басталған. Су көлігі айыппұл тұрағына жеткізілген.
"Сондай-ақ демалушыларға су көлігін жалға берген адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда",-деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.