Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Қазақстан халқына маңызды үндеу жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Сенбеңіздер! Демалыс күндері әлеуметтік желіден жүздеген хат келді. Жанашыр жандар менің жүзімді, даусымды пайдаланып жасалған жалған видеоны жолдауда. Жасанды интеллектіні қолданғандар мені құмар ойынға шақырушы ретінде көрсеткен.
Бұл жалған жазба, монтаж! Мәжіліс аяқ басқалы бері құмар ойынға қарсы күресіп жүргенімді, тіпті соларды жоюға арналған заң жобасы авторларының бірі екенімді білесіздер. Одан кейін де талай норма ұсындым, қабылданды. Күрес тоқтамайды, сондықтан мынадай жалған видеоға сеніп ақшаларыңыздан айырылып қалмаңыздар!
Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі мен ҚР ІІМ министрінің атына ресми арызымды жолдадым”,- деп жазды Мәжіліс депутаты.