Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сен менен құтылғың келеді»: Нүкенованың өлер алдында жазған жеке жазбасы пайда болды

11:52, 04 сәуір 2024 1216

Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот отырысында Салтанат Нүкенованың ұялы телефонында жазылған жеке жазбалар оқылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жазбада Салтанат Нүкенова Бишімбаевтың қаншалықты психологиялық қысым көрсетілгені баяндалған.

«Мен сенің ойыншығың емеспін, сенің дегеніңмен 24/7 уақыт жүру менің нерв жүйелерімді құртып жатыр. Мен сені сенің осындай қысымыңнан кейін жұмыстан күліп қарсала алмаймын деп қорқамын. Шаршаңқы көрініп қаламын. Мен сені қатты жақсы көремін, біз екеуміз бір-біріміздің қорғанымыз болуымыз керек. Мен үшін сенің бақытың мен тыныштығыңнан асқан ештеңе маңызды емес»,-деп жазған өз жеке жазбасында Нүкенова.

Бишімбаев жазбаларға қатысты өз жауабында, Нүкенованың үш күн сайын үйден кетіп қалатынын, кейін үш күннен кейін қайта келетінін айтты.

«Ол күнде кетемін деп айқай шығарып, кейін дым болмағандай қайта келетін. Әркез түнде ұрыс шығарып, балаларды қорқытатын. Балалар барлығын көріп, еститін еді. Салтанаттың айтқан әр боқауыз сөзін балалар әркез еститін. Мен осы үшін одан психолог, психотерапевтке баруды өтіндім»,-деді ол.

«Салтанат мені үнемі қызғанатын. Қайда барсам да, үйге кеш келсем де барлығын тексеріп, ұрыс шығаратын. Менің оған қойған екі талабым болды. Мені таңертең ұйқыдан тұрып,жұмысқа шығарып салу және кешкі ас дайындап қою болды. Ол бұл талапқа да көнгісі келмей, ұрыс шығаратын»,-деді Бишімбаев.

Салтанат Нүкенова өзінің жеке жазбасында Бишімбаевты террорға балап, «сен менен құтылғың келеді» деген қорқынышты сөздерді жазған.

Әр жазылған жазбасында ол Бишімбаевтан кеткісі келетінін, оның қысымынан шаршағанын, және одан әрі мазаламай өзін босатуын өтінген.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар