Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сексен жылдан бері болмаған тағы бір тасқын. Бразилиядағы қызыл су қырғынынан 56 адам қаза тапты

09:47, 05 мамыр 2024 332

Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны екі есе артып, саны 56-ға жетті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

CNN Brasil телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, табиғи апаттан 56 адам қаза тауып, 74 адам зардап шеккен, 67 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Апта басынан бері штатта толассыз жауған нөсер салдарынан қаза тапқан адамдар саны 56-ға дейін жетті. Дауылдан 281 аймақ зардап шекті. Қаза тапқандардан басқа, штатта 74 адамның жаралғаны мен 67 адамның хабар-ошарсыз кеткені белгілі болды, - делінген елдің халықты қорғау қызметі ұсынған мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 2 мамырда Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатында су тасқынынан 10 адам көз жұмып, 21 адам жоғалып кеткені айтылған болатын. 

Бразилия геологиялық қызметінің мәліметінше, мұндай алапат су тасқыны 80 жылдан бері болмаған. Ал кейбір өзендердегі су деңгейі рекордтық көрсеткішке жеткен.

Орайы кетгенде айта кетейік, наурыз айының аяғынан бастап Қазақстанның бірталай өңірін су басты. Бұл өңірлерден тұрғындар эвакуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар