Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс орнында қаза тапқан әйел туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Әйел өзіне қол салмас бұрын өзінің туған қызын тұншықтырып өлтірген деген ақпарат тарады. Осы мәліметті анықтау үшін Zakon.kz өңірдің ПД баспасөз қызметіне хабарласты.
Тәртіп сақшылары қыз баланың денесін де тапқан.
Кәмелетке толмағанның өлім фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деді полициядан.