Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сансыз дүмпуден кейін Алматыдағы жер сілкінісінің жай-жапсары зерттелетін болды

10:53, 13 сәуір 2024 701

Алматыда сейсмологиялық зерттеу жүргізілетін болды,деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында арнайы зерттеу жүргізілетінін мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, Алматы аумағына арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізілетін болады. Әкімдік бұл бағытқа 3 жылдық зерттеу жұмыстарына қаржы бөледі.

Сондай-ақ Тараздағы гидромелиоративтік құрылыс институты қайта қалпына келтіріліп, материалдық-техникалық тұрғыдан толық жабдықталады. Мемлекет басшысы Сейсмология институтының жағдайы да мәз емес екенін айтты. Үкіметке осы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар дайындауды тапсырды.

"Тағы да қайталап айтқым келеді, мемлекеттік органдар барлық істе, ең алдымен, сапалы ғылыми қорытындыға сүйенуі керек. Бұл – өте маңызды міндет. Шешімдер әбден пысықталып, нақты негізделіп барып, қабылдануға тиіс. Талдау жүргізіп, ахуалды болжау үшін ғалымдардың қолында, зерттеу орталықтарында қажетті құрал-жабдықтар болуға тиіс", - деді Президент. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар