Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми жуабында айтылды, деп жазады Alash.KZ.
Белгілі әнші өз ұлының үйлену тойын көргісі келетіндерге жабық телеграм-канал ашқан. Жабық каналға жазылу үшін әр адам 1380 теңгеден төлеуі керек.
Бұл қазақ қоғамындағы алғашқы ақылы онлайн-той болмақ.
БАҚ өкілі екі жастың тойын жүргізеді.
«Сілтеме ақылы болады деп айтқан едім. Дұрыс түсініңіздер, мұны мен жасап жатқан жоқпын, ұйымдастырушылар да жасап жатқан жоқ. Тікелей эфирде тойды көрсету үшін арнайы рұқсат алу керек, оның ақшасы бар. Одан кейін серверге тапсырыс беру керек. Оның сомасы үлкен емес, 1000 теңгеден асады. Қымбат емес. Ол ақша Сәкен ағаның қалтасына түспейді. Отбасы да жарата алмайды. Ол ақша ПТС камерамен түсіретін ұжымға төленетенін және серверге берілетінін айтты», – дейді Анна Данченко.