Қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың көпке танымал «Сәйгүлік» әні туралы әншінің ұлы бар сырды ашты, деп жазады Alash.kz.
Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Табылды Досымовтың студенттенттік жылдарында жазған әні туралы ұлы Абыл Досымов былай деді:
«Сәйгүлік» әні жылқыға, тұлпарға арналған екен деп көбі қателеседі. Светқали Нұржан Тәуелсіздігімізді аңсап жазған. Әкемнің жолдастарының айтуынша, «Сәйгүлік» әні Есенғали Раушановтың сөзіне жазылған «Қара бауыр қасқалдақ» әні секілді желтоқсан оқиғасының алдыңғы шебінде орындалған ән екен. Демек, ол ұран болып шырқалған әндердің бірі болған»