Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сахнада былапыт сөздер айтқан»: Алматы полициясы танымал өнер иесін жауапқа тартты (ВИДЕО)

10:54, 07 маусым 2026

Танымал қазақстандық рэпер Нұрғиса Әнуарбеков (сахналық лақап аты - Нурик Смит) Алматы қаласындағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде өткен концерті кезінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбаларды тексеру барысында өнерпаздың мәдениетсіз әрекеттерін анықтаған. Музыкант өз өнерін көрсету барысында көпшілік алдында былапыт сөздер қолданып, қоғамдық орындардағы мінез-құлық қағидаларын сақтамаған.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты мынадай ресми мәлімдеме жасады:

«Мұндай әрекеттер ұсақ бұзақылық көрінісі ретінде сараланады және қоғамдық тәртіпті бұзады».

Құқық бұзушылық фактісі бойынша қозғалған әкімшілік істі қараған сот рэперді кінәлі деп танып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар