Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
14:58, 24 ақпан 2025
Ашық дерекөздерден
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Alash.KZ порталы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.
Руслан Берденов 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жоғары білімі және магистрлік дәрежесі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін “Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы” мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы “Procter & Gamble LLP” компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары “EASTCOMTRANS” ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары “Aq Niet Group” бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.
Соңғы жаңалықтар
«Әлі ешкім жазаланған жоқ…»: Вице-министр өзекті мәселе жайында тың мәлімдеме жасады
17:01, 09 сәуір 2026
«Абыройды төгу үшін ойдан шығарылған!»: Трамп әлемдік басылымдарды ауыр айыптады
15:47, 09 сәуір 2026
«Уақытша емес…»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздар үшін маңызды мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
11:55, 09 сәуір 2026
"Еден жуып жүр": Перизат Қайраттың түрмеде қандай жұмысқа тартылғаны белгілі болды
16:55, 08 сәуір 2026