Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ризамын…»: Зеленский Трамппен кездесуден соң әлем күтпеген мәлімдеме жасады

15:24, 23 қыркүйек 2026

Украина Президенті Владимир Зеленский мен АҚШ басшысы Дональд Трамп Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясы кулуарында арнайы кездесу өткізіп, маңызды уағдаластықтарға қол жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Би-би-си таратқан мәліметке сәйкес, тараптар келіссөз барысында энергетикалық инфрақұрылымдарға шабуыл жасауды тоқтату, қыс түсер алдында украин әуе қорғанысы жүйесін нығайту және дипломатиялық қадамдарды қарастырды. Кеңес қорытындысы бойынша Украина тарапы Ресеймен энергетикалық нысандарға соққы бермеу туралы өзара мораторий жасасуға дайын екенін білдірді. АҚШ бұл бастаманы Мәскеуге ресми түрде жеткізуді өз мойнына алмақ. Бұған дейін ақпарат құралдарында Дональд Трамптың Киевтен ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды тоқтатуды өтінгені, себебі мұндай шабуылдар әлемдік нарықта дизель отынының қымбаттауына соқтыратынын ескерткені айтылған еді.

Жүздесудің тағы бір негізгі тақырыбы әуе қорғанысын күшейтуге бағытталды. Киев қорғаныстың «қысқы пакетін» алумен қатар, Patriot жүйесіне қажетті зениттік зымырандарды тікелей өз аумағында өндіруге лицензия алу мәселесін талқылай бастады. Трамп кездесу алдында журналистердің бұл технологияны беруге қатысты сұрағына кесіп жауап бермей, мәселенің күн тәртібінде тұрғанын меңзеді.

Сондай-ақ Дональд Трамп украин лидерімен жүздесер алдында БҰҰ мінберінен сөйлеген сөзінде екі тараптың да ұзаққа созылған текетірестен мезі болғанын және бейбіт шешімнің таяу арада табылатынына сенім білдірді. Өз кезегінде Владимир Зеленский дипломатияға жол ашатын деэскалациялық қадамдардың талқыланғанын жеткізді.

«Командаларымыздың Украинада Patriot зымыран-ұстағыштарын өндіруді іске қосу бағытындағы жұмысын жалғастырып жатқанына ризамын. Егер Ресей келіссөздерден бас тартып, осы қыста баллистикалық террорға арқа сүйеуді жалғастырса, дәл осы шешім адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі», — деп жазды Зеленский өзінің Telegram-арнасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар